"Ақ қоян" ерте жас топ тəрбиешісі Мұхамбедьярова Сауле Ысқаққызы
"Көктем гүлдері" тақырыбында балалардың коммуникативтік, танымдық жəне зияткерлік, əлеуметтік-эмоционалды жəне шығармашылық дағдыларын қалыптастыра отырып сөйлеуді дамыту, көркем əдебиет, сенсорика, мүсіндеу жəне қоршаған ортамен таныстыру ашық ұйымдастырылған іс-əрекетін өткізді.
Балалар жас ерекшеліктеріне қарай
"Қызғалдақ","Гүлді тап","Түсіне қарай ыдысын таңда" ойындарын қызыға ойнап, нəтижесінде:
- оқылған таныс өлеңдегі сөздерді жəне сөз тіркестерін айтуға дағдыланып, эмоционалды қабылдауға үйренді
- "Бұл не?"- деген сұраққа жауап беруге дағдыланды
- суреттегі заттың атын атауға, үстел-үсті, саусақ театрын көрсетуге үйренді
- екі бөліктен тұратын қиынды суреттерді орналастырып, түстеріне қарай ажыратуды білді
- жалпақ пішіндерді мүсіндей білуді меңгерді
- гүлдерге қамқорлық жасауға дағдыланды
Ашық ұйымдастырылған іс-əрекеті балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қызықты өткізілді. Балалар қуанып, шаттанып жасаған жұмыстарына риза болып, өздеріне қошемет көрсетті.