N1Санаториялық бөбекжай-бақшасы, тəрбиешісі Шамшаева Лайлагүл Адиятуллақызы ерте жас "Аққоян" топ балаларымен "Көліктер" тақырыбында ашық іс-əрекетін өткізді.
Міндеттері:
- Көлік түрлерін білдіретін зат есімдермен толықтыру
- Өлшемі бойынша заттарды ажырата білуге үйрету
-"Болады, болмайды" сөздерінің мағынасын түсіндіру
- Дөңгелек пішінді мүсіндей білуге үйрету.
Осы міндеттерді алға қоя отырып, тəрбиеші балалармен ойын түрінде ашық іс-əрекетін ұйымдастырып, жақсы нəтижеге қол жеткізді.