№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, Кіші “Аққоян” тобының жұмыс жоспарына сәйкес “Отбасы мен бөбекжай-бақша ынтымақтастығы” тақырыбында жаңа форматта ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Баланың қауіпсіздігі мен бала тәрбиесінің маңыздылығын жүзеге асыру. Ата-аналардың бөбекжай-бақшамен және педагогтармен тығыз байланысын арттыру. Ата-аналар мен педагогтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту.
Жиналыста ата-аналар қызықты ойындар ойнап көңілдері көтеріліп, оқу жылына сәттілік тіледі.