Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Халқымыз “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын”дейді.Ауданымыздағы 
N1 санаториялық бөбекжай-бақшасында тәрбиеші көмекшісі қызметін адал атқарып келе жатқан Самұратова Мадина Найыпқызының еңбекқор жан екені бәріне мәлім. Бөбекжай-бақша тәрбиешісімен бірге балалармен балаша қуанып, күнделікті қызметін қызықты атқаруда.
Самұратова Мадина Найыпқызы 1966 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келіп, 1973-1983 жылдар аралығында Шоқан Уалиханов атындағы N26 мектепті аяқтап, 1984 жылдан бастап N26 мектеп жанындағы интернатта тәрбиеші көмекшісі қызметінен еңбек жолын бастаған. Осы қызметті абырой мен адал атқара жүріп,N1 санаториялық бөбекжай-бақшасына 1998 жылдан бастап тәрбиеші көмекшісі қызметіне ауысады. Қазіргі таңда бөбекжай-бақшада өз қызметін белсенді атқара жүріп бірнеше марапаттарға ие болды. 
2006 жылы бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің марапаты;
2015 жылы Аудандық білім бөлімі кәсіподақ комитетінің Алғыс хаты;
2019 жылы Кент әкімінің Алғыс хаты;
Абыройлы қызметті атқара жүрумен қатар жұмыстан келгеннен кейін отбасында немерелерді тәрбиелеуден шаршамай, отбасының ұйытқысы бола білген адал жан, асыл әже.Отағасымен бірге 2 ұл тәрбиелеп,3 немересі қуантуда.