Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
Тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, жігерлік пен еңбекқорлықты қажет ететіні айқын. Әрине, әрбір тірлікте де жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. 
Ұлы Абай атамыз әрбір қазақтың бойында “ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” болуы керек деп атап көрсеткендей, осы асыл қасиеттерді Гүлнар Бейбітқызының бойынан көруге болады. 
Байділдаева Гүлнар Бейбітқызы 1966 жылдың 12 шілдесінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
1973-1983 жылдар аралығында Ш.Уалиханов атындағы N26мектепті аяқтап,
1982-1984 жылдар аралығында аудандық союзпечатта сатушы қызметін атқарған. 
1986 жылы техникалық училищесіне қабылданып, бухгалтер мамандығын меңгеріп, 1992 жылы аудандық тігін цехында есепші қызметін атқарған. 
1994-1997 жылдар аралығында оқу өндірістік комбинатында тігін тігуден арнайы сабақ берген.Осы қызметтерді абыроймен атқара жүріп 1998 жылдың қаңтар айынан бастап “Аққайың” балабақшасына тәрбиеші көмекшісі болып қызметке орналасқан. 
Қазіргі таңда N1 санаториялық бөбекжай-бақшасында абыройлы қызметте жүріп, таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибесінің мейірімді дәндерін қондыруда аянбай еңбек етуде. Гүлнар Бейбітқызы бір сөзінде періште балалармен жұмыс жасау мен үшін үлкен бақыт дейді.Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлап қызметімді одан әрі қызықты етуде. 
Осындай абыройлы қызметін адал атқара жүріп, бірнеше марапаттарға ие болуда. 
2013 жылы N1 санаториялық бөбекжай- бақшасы меңгерушісінің Алғыс хаты;
2019 жылы Аудандық қазақ тілі қоғамы филиалының Алғыс хаты;
2022 жылы Аудандық Аманат партия филиалының Алғыс хаты;
Абыройлы қызметтерді асқақтата арқалап жүргеніне 27 жылдың жүзі болды.
Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенімде қатты шаршағанымды білдіртпейтін немерелерім мені әрдайым қуантуда дейді. 
Гүлнар Бейбітқызы отағасымен бірге 3 бала тәрбиелеп, 8 немеренің қуанышын бірге көруде. 
Тынымсыз еңбек етіп жүрген еңбек адамдары үлкен құрметке лайықты.