Әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады.Кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде 1976 жылы 21 мамырда дүниеге келген Боранбаева Күнсұлу Жаңабақытқызы N27 мектепті 1983-1993 жылдар аралығында үздік аяқтап,1994 жылы Қызылорда облысындағы Жоғары медицина колледжіне түсіп, осы оқу орнында үздік аяқтап, алғашқы еңбек жолын абыроймен бастаған білікті маман.
1997-1999 жылдар аралығында Қармақшы аудандық емханада аймақтық мейірбике қызметін атқарған.
1999-2022 жылдар аралығында N1 санаториялық бөбекжай -бақшасына емдәмбике қызметіне орналасып, осы қызметті абыроймен атқара келе, 2022 жылдан бастап Шаруашылық меңгерушісі қызметіне ауысты.
Осы жылдар аралығында қызмет атқара жүріп иеленген марапаттары;
2018 жылы Аудан әкімінің Алғыс хаты
2023 жылы Қармақшы аудандық білім бөлімі кәсіподағының Алғыс хаты
Абырой биігін асқақтатып қызмет атқарып келе жатқанына биыл 26 жыл.
Отбасылы, 1 ұл,1 қыз тәрбиелеп отырған бақытты ана, аяулы жар.
