"Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек, тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" - деген екен Əбу Насыр Əл - Фараби.
Тəрбиенің негізі отбасында қалыптасады, дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор.Ұлттық тəрбиеден салт - дəстүр ауыз əдебиетінен нəр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кəміл сенеміз.
Ұлттық салт - дəстүрді мəдениет пен өнерді насихаттау - тəрбиенің төресі.
Ендеше осы ұлттық тəрбиемізді насихаттау барысында 23.05.2023ж күні №1 санаториялық бөбекжай - бақшасында "Мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтарды ұлттық құндылықтар негізінде толыққанды дамыту мен əлеуетін ашу жолдары" тақырыбында аудандық семинар өткізілді.Семинарға аудандық білім бөлімінің бас маманы Исламханова Гулзира Шаймерденқызы қатысып, жұмыс көрсететін тəрбиешілерге сəттілік тіледі.
Семинар барысында "Шапағат" ересек топ тəрбиешілері:
Дауылтаева Айымкүл Қазыбайқызы "Текемет басу өнері- ұлттық мұра" тақырыбында ашык көрсетілімін ұйымдастырды
Рахметова Жаңагүл Жұмақызы "Ою-өрнектер" тақырыбында үйірме жұмысын көрсетті
Шаймағанбетова Қалияш Ермағанбетқызы "Қызықты математика"тақырыбында шебер сынып жұмысын көрсетті
Əуез жетекші Тұржанова Разия Абжаппарқызы ұлт - аспаптардың сүйемелдеуінде "аспаптар" əнін орындаса
Əдіскер Ахметова Ақмарал Сайпуллақызы "Балалар мен театр" тақырыбында жоба қорғады.
Семинар жұмысын Жосалы кент орталығындағы, ауыл балабақшалары мен жеке балабақшалардың тəрбиешілері мен əдіскерлері тамашалап, өз пікірлерін ортаға салып, қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттай отырып, балаға ұлттық тəлім - тəрбие беруде тəрбиешілердің еңбектерінің зор екенін тілге тиек етті.Аудандық семинар жұмысы өз дəрежесінде жоғары деңгейде өтті.