№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, тəрбиешісі Дауылтаева Айымкүл Қазыбайқызы Жас аналар мектебінің жұмыс жоспарына сəйкес ерте жас
"Балапан" топ аналарымен "Менің сүйікті ертегілерім" тақырыбында ата-анамен жұмыс ұйымдастырды.
Мақсаты: Ертегілерді ата-аналар сахналау арқылы балаларының шығармашылығын дамыту.
Театрландырылған көріністер арқылы балаларының жан-жақты дамуына үлесін қосу.
Ертегілер балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге жалпы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді.Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол əрі тəрбиелік, əрі көркем-эстетикалық əдеби қазына.
Ұрпақ тəрбиесіндегі ең тиімді тəрбие құралы ретінде ертегілер тілі өте жеңіл.
Сондықтан да бала тəрбиесіне ертегінің көп көмегі бар екен.