N1санаториялық бөбекжай-бақшасы, 25 қазан- Республика күні мерекесі қарсаңында Ересек"Шапағат" тобы тəрбиешілері мен тəрбиеленушілері ауданымыздағы Тəуелсіздік мемориалдық кешеніне саяхат ұйымдастырды.
Мақсаты: Тəуелсіздік мемориалдық кешеніне саяхат жасай отырып, ұлттық құндылықтарды сақтай білуге тəрбиелеу. Отанымыз Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті жəне мақтаныш сезімін ояту.Мемлекеттік рəміздерге( ту, елтаңба, əнұран) құрметпен қарауға тəрбиелеу. Отанды сүюге жəне патриотизмге тəрбиелеу.
Саяхат барысында балалар керемет сезімде болды. Қазағымыздың мəңгілік биікте желбіреген көк туын көріп, əнұранымызды шырқадық.
Республика күні барша Қазақстан халқына құтты болсын! Еліміз аман, тыныштық заман болып, балаларымыздың болашағы жарқын болсын!
#Республика_күні_құтты_болсын