N1санаториялық бөбекжай-бақшасы,
1 қазан қарттар мерекесі қарсаңында бөбекжай-бақша ардагерлерін қарсы алып, мерекелік іс-шара өткізілді.
" Қариясы бар ел- қазыналы ел" демекші өмірлік тəжірибелерінің ұжым үшін орны бөлек, үлкен өнеге болған қарттарымызға бөбекжай-бақшамызда сый-құрмет көрсетілді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау - біз үшін парыз.Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз аман-есен жүргейсіздер.
Қарттарым, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз! - деп, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, құт-береке тілейміз.