9 мамыр- тарих төрінен орын алған ұмытылмас күн. Бүгінгі ашық аспан астындағы бейбіт өміріміз үшін ардагерлерімізге айтар алғысымыз шексіз. Батыр аға-апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, ал жеңіс рухы тек жаңа жетістіктерге жетелейді. Бүгінгі ұрпақ , ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.
Ұлы жеңіс мерекесімен құттықтай отырып біз тыл ардагері Ақпатша анамыздың отының басына ат басын тіредік. Анамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына бақ-береке тілей отырып,