Санаториялық бөбекжай - бақшасы, ересек "Шапағат" топ тəрбиешілерінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесін құттықтай отырып, "Аяулы анашым" тақырыбында мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: Топ балаларының мерекелік сый - құрметіне əжелері мен аналарының бөленуі.Əлемнің жарығын сыйлаған аналарын құрметтеуге тəрбиелеу.
Осы мақсатта ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілікте балалар əн шырқап, би билеп шашуын шаша келген əжеміздің ақ батасын алып, қуанышқа бөленді.
#Аяулы_жан_анам