Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі.
Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
№1 санаториялык бөбекжай-бақшасында мерекелiк шара болып өтті.
Бөбекжай-бақшамыздың әр түрлі жас топ бүлдіршіндерiнің қатысуымен өткен шарада қазақтың "Тұсау кесер", "Бесікке салар" рәсiмдерi көрсетiлiп, ұлттық ойындар түрлері ойнатылды.
Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік!