Құрметті ардагерлер!
Баршаңызды 1 қазан — Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймыз!
Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі.
№1санаториялық бобекжай-бакшасында да ардагерлерді ұлықтау мақсатында мерекелік шара ұйымдастырылып, "Шапағат"ересек тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті.
”Қарты бар үйдің – қазынасы бар". Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.
Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!