Денсаулық күніне орай ерте жас "Балапан" топ тəрбиешілерінің ұйымдастыруымен ойын түрінде "Денсаулығы сəбидің, қуанышы əр үйдің" қимылды ойындардан спорттық іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Балалардың денесін шынықтырып, бұлшық еттерін жетілдіру.Дені сау, рухы таза ұрпақ тəрбиелеу.Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
Балалардың көңіл-күйлері көтеріле отырып,"Көңілді күн","Түрлі-түсті доптар","Қояндытамақтандыр", "Қонжықтарға көмек" ойындарын қызығып ойнады.Балалар қуанып, шаттанып ойындарды жақсы ойнады.
#Денсаулық_зор_байлық