Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Қармақшы ауданы, №1санаториялық бөбекжай -бакшасында "Шапағат"ересек тобының ұйымдастыруымен "Ұстазым -ұлы тұлға" тақырыбында мерекелік ертеңгілік болып өтті. Ұстаздар қауымына топ бүлдіршіндері тақпақтарын айтып, өз өнерлерін көрсетті.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп
жүрсін!
#Ұстаздармерекесi