Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде,
Билейміз, əн саламыз
N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, "Шапағат" ересек топ балалары əн салып, би билеп, сағындырған Аяз Атаны күтіп, жыр шумақтарын көрерменге жолдай отырып қоян жылын жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Көңілді Аққала балалардың көңілін көтеріп, қызықты ойындар ұйымдастырды. Келген Жаңа жыл иесі қоян жылынан жақсы жаңалықтар күте отырып, алдағы жылы керемет жетістіктерге жетуге сенім білдірді.