Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мəпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
N1санаториялық бөбекжай-бақшасы,
1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесіне орай "Халықтар достығы" тақырыбында топ тəрбиешілері жəне тəрбиеленушілерімен біріккен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларға 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу.Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы- еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Əр ұлттың өнерін, тілін, ұлттық тағамын, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне ұялатып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тəрбиелеу.Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
"Шапағат" ересек, "Қызғалдақ" ортаңғы, "Шұғыла" кіші топ балалары қазақ, өзбек, украин жəне корей ұлттарының биін нақышына келтіріп керемет билесе, "Қыз қуу","Орамал тастамақ" ұлттық ойындарын " Ботақан" кіші топ балалары қызыға ойнады.
Ұлтаралық татулық арасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман.Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
Мереке құтты болсын! Ұлт бірлігі сақталып, еліміз тыныш болсын!