Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын,
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, "Шұғыла" кіші топ балалары Жаңа жыл мерекелік ертеңгілігін ертегі кейіпкерлерімен, өзге ғаламшар иелері мен түрлі ойындарды ұйымдастыра отырып қызықты, қуанышты кейіпте қоян жылын қарсы алды. Балалар əн шырқап, би билеп, Аяз Атаның сый-сыяпатына ие болды. Келіп жеткен қоян жылында балаларымыздың арман-мақсаттары орындалсын.
Жаңа жыл құтты болсын!