N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, Мектепалды “Шапағат” тобы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Жаңа жылдың жарқырасын шамдары!” атты мерекелік ертеңгілігі өткізілді.
Балалар ертегі желісі қойылымы арқылы мерекелік ертеңгілікті қызықты өткізіп, ата-аналарымен қызыға ойындар ойнап, жаңа жылды қарсы алып, Аяз Атаның сыйлықтарына ие болды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жыл үздіктері марапатталды.
Жаңа 2025 жыл бөбекжай-бақшамызға толағай табысымен келсін! Жаңа жыл құтты болсын!