Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

N1санаториялық бөбекжай - бақшасы, жазғы сауықтыру шынықтыру шараларының жұмыс жоспарына сəйкес "Шұғыла" топ тəрбиешілері мен ата - аналарының ұйымдастыруымен "Жайдарлы жаз, жарқын жаз!" тақырыбында іс - шара өткізілді.

Мақсаты: жазғы сауықтыру, шынықтыру шараларын ұйымдастыра отырып, ата - аналар мен бөбекжай - бақша арасындағы байланысты нығайту, балалардың физикалық дағдысын қалыптастыру. Спорттық сайыс ойындарына ата-аналар мен балалардың қызығушылығын арттыру.

Іс - шарамызға  Аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүлзира Мажитқызы арнайы балаларға өздерінің базарлығымен қонақ болып келіп, балаларды қуантты. Сайыс өте қызықты əрі ата - аналардың белсенді қатысуымен өтті. Сайыс соңы топ тəрбиешілерінің балаларға түрлі дəрумендерге бай өнімдерден жасалған пайдалы коктейльдер беруімен жалғасын тауып, ата - аналарды түрлі номинациямен марапаттау рəсімі арқылы өз мəресіне жетті. Балалар қуанып, бүгінгі іс - шарадан керемет əсер алды.