N1санаториялық бөбекжай-бақшасы, "Балапан" ерте жас топ тəрбиешісі Дүйсекова Шолпан Рахымбердіқызы топ ата-аналарымен " Қызық екен" тақырыбында танымдық ойынын ұйымдастырды.
Мақсаты:
- Ата-аналардың бала тəрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру;
- Тəрбие жұмысының нəтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, бөбекжай-бақшаның бірлескен əрекетінде екенін ұғындыру;
- Белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, жағымды көңіл-күй сыйлау.
Танымдық ойынға ата-аналар белсенді қатысып, өздерінің ұшқыр ойлы екендіктерін көрсетіп, жасаған жұмыстарын дəлелдеді.Қойылған əрбір сұрақтарға ұтымды жауап бере отырып, екі команда ата-аналары жақсы жұмыс көрсетіп, бүгінгі күннен керемет əсер алды.Ойын соңы марапаттауларға ұласып, ата-аналарға алғыс білдірумен аяқталды.