Қармақшы ауданы,№1 санаториялық бөбекжай- бақшасы педагог қызметкерлерiне Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнындағы өзгерістер мен жаңа тәсілдерге байланысты әдicтемелiк отырыс өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын, ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы таныстырылды. Нормативтік құжаттардың талаптарын жүзеге асыру, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттырудағы міндеттері айтылды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін тәрбиешілер тарапынан инновациялық әдіс-тәсілдер мен креативті идеялар, шығармашылық ізденіс қажет екені айтылды.