N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы "Қызғалдақ" ортаңғы топ балаларымен"Жəндіктердің қысқы тіршілігі" тақырыбында тəрбиеші Ахметова Лайла Баянбекқызы ойын түрінде ұйымдастырылған іс-əрекетін өткізді.Мақсаты: Балалардың танымдық жəне зияткерлік дағдыларын дамыту. Зерттеуге балалардың қызығушылықтарын ояту, жаңаны тануға үйрету. Іс-əрекетте балалардың дайындығы өте жақсы ұйымдастырылып, түрлі ойындар ойналды.Үстел-үсті ойындар арқылы жəндіктердің қанша аяғы болатынын санай отырып, оны зерттеу барысында қысқы тіршіліктерімен танысты.