Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

№1 санаториялық бөбекжай - бақшасы, 
Ересек "Шапағат" топ тəрбиешісі Байсынова Жамила Сардарбекқызының ұйымдастыруымен Əкелер мектебінің жұмыс жоспарына сəйкес "Əкемнің ақ батасы" тақырыбында əкелермен тəрбие іс - əрекеті аудандық кітапханамен байланыс жасай отырып "COWORKING" орталығында өткізілді.
Мақсаты: Ескірмеген салттың бірі - бата беру. Осы бата жайлы əкелерден мағлұматтар ала отырып, батаның түрлерімен танысу. Батаның қасиеті, оның адам өміріне тигізер пайдасы қандай екенін ортаға сала отырып пікір алмасу.
Осы мақсатта өткізілген тəрбие іс - əрекетіне ата - аналар жақсы дайындықпен келіп, ортаға өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көңілдерін көтеру мақсатында "Көңілді шар", "Түрлі-түсті сақина", ұлттық ойын "Ханталапай" ойынын қызыға ойнады. Ата - аналар ұжымға өз ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.