N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес кіші “Аққоян”, “Балапан” топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Ғажайып ертегі әлемім” тақырыбында апталық өткізілді. Апталықтың ашылуына орай кіші топ тәрбиешісі Гүлдерай Көшекқызы баяндама дайындап таныстырылым жасап, бөбекжай-бақша тәрбиеленушілеріне арнап “Бауырсақ” ертегісін сахналап берді.