№1 санаториялық бөбекжай - бақшасы, Ортаңғы "Қызғалдақ" топ тəрбиешісі Аманова Лаура Мырзагелдіқызының ұйымдастыруымен Əкелер мектебінің жұмыс жоспарына сəйкес "Мен əкеммен мақтанамын" тақырыбында əкелермен тəрбие іс - əрекеті өткізілді. Мақсаты: Балабақша, ата - ана, отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Отбасындағы əкелердің рөлінің ерекшеліктерін атау. Тəрбие іс - əрекеті мақсатқа сай ұйымдастырылып, əкелердің белсенді дайындықтары көрініп, үй тапсырмасына берілген қолөнер жұмыстары керемет бағаланып, балаларымен бірге əсем би - билеп жақсы көңіл - күйде болды.