N1санаториялық бөбекжай-бақшасы, "Қызғалдақ" ортаңғы топ тəрбиешісі Сариева Майгүл Кеңесқызы " Əдемі оюлар" тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-əрекетін өткізді.
"Ұлттық киімдер","Жартысын тап",
" Оюлы көрпешелер"," Оюлар сыр шертеді"," Əдемі кілемше" ойындары арқылы балалардың бойында танымдық, физикалық, шығармашылық,коммуникативтік дағдыларын қалыптастырып, іс-əрекет керемет ұйымдастырылып, балалар өте жақсы əсер алды.
Нəтижесінде:
- Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын( ептілік, икемділік) үйлесімділіктері дамыды;
- Ырғақты жаттығулар жасау дағдысы қалыптасты;
- Қазақ халқының мəдениетімен танысты;
- Ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорлары молайды;
- Геометриялық пішіндерді атауға жəне ажырата білуге қалыптасты;
- команда да жұмыс жасай білу дағдылары дамыды;
- Дəстүрден тыс сурет салу əдісін үйренді.