N1санаториялық бөбекжай-бақшасы,
"Ботақан" кіші топ тəрбиешілері Сарсенбаева Саманта Ілиясқызы мен Қалымбетова Жанна Мырзағұлқызы ертегі терапиясы аясында ашық ұйымдастырылған іс-əрекетін өткізді. Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, мүсіндеу, дене шынықтыру іс-əрекеттерін кіріктіре отырып ертегі желісі арқылы балалардың бойында коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, əлеуметтік-эмоционалдық, физикалық дағдыларының қалыптасуына үлкен үлестерін қосты." Көңілді аңдар" биін билеп, балалар шаттанып, қуанды.
Нəтижесінде:
- Ертегі арқылы ойын ойнау барысында, қолданылатын көрнекі мен кейіпкерлер жайлы түсінік алды;
- Заттардың пішіні мен түсін ажыратуға үйренді;
- Сазбалшықпен мүсіндеу арқылы шығармашылық қызығушылықтары оянды;
- Тапсырмаларды орындау мақсатында жануарлардың тіршілігімен танысты.
Ашық іс-əрекеті жақсы ұйымдастырылып, тəрбиешілер мақсаттарына жетіп, бала бойында керемет дағдылар қалыптасты.