№1 санаториялық бөбекжай - бақшасы, Ортаңғы "Қызғалдақ" топ тəрбиешісі Боранбаева Гүлстан Жұмағалиқызының ұйымдастыруымен Əкелер мектебінің жұмыс жоспарына сəйкес "Отбасында əкенің рөлі" тақырыбында əкелермен тəрбие іс - əрекеті өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы əкелердің бала тəрбиесіне көзқарасын кеңейту, жанұядағы əке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық ойындарымызды ойнап, ұлттық құнды қазақи бұйымдарымызды балаларға таныстырып, насихаттау.