N1санаториялық бөбекжай-бақшасы "Шұғыла" кіші топ тəрбиешісі Досмамбетова Гүлназ Исембайқызы "Шырша" ойыны арқылы түрлі тапсырмаларды балаларға қызықты орындата отырып ашық ұйымдастырылған іс-əрекетін өткізді.
"Шырша" ойыны арқылы коммуникативтік, шығармашылық, əлеуметтік жəне эмоционалды дағдыларын бала бойында дамыта білді.
Нəтижесінде:
- Ауа-райын болжап, оны суреттен тауып, айта білуді үйренді
- Фетрадан жасалған шырша ойыншықтарын түстеріне сəйкес орналастырды
- Фотосуреттерден өзін танып, қасына өзінің жұмыстарын орналастыру білу дағдысы қалыптасты
- Алақанның бейнесін дəстүрлі емес əдістермен салуды үйренді
- Қарапайым құрылысты үлгі бойынша ересектердің көмегімен құрастырды
- Түрлі балалар əрекеттерінде шыршаны түймелеуде магнитті жылжыту барысында көз бен қол үйлесімділігін, қолдың ұсақ моторикасын дамытты
- Жапсыруға қызығушылықты ояту, қағаздың қасиеттері туралы түсінік қалыптасты
Ашық ұйымдастырылған іс-əрекеті өте жақсы деңгейде ұйымдастырылып, балалардың көңілдері көтерілді. Əріптестерінің тілек лебіздері тыңдалып Гүлназ Исембайқызының алдағы жұмысына сəттілік тіледі.