№1 санаториялық бөбекжай - бақшасы, тəрбиешісі Досмамбетова Гүлназ Исембайқызы ересек "Шапағат" топ балаларымен "Түлкі мен қоян" ертегісі тақырыбында ашық іс - əрекетін өткізді. Ашық іс - əрекетін ұйымдастыра отырып, тəрбиеші балалардың коммуникативтік, танымдық жəне зияткерлік, шығармашылық дағдылары мен зерттеу əрекеттері дағдыларын дамытты.
Міндеттері:
- "Нешінші?" сұрағына жауап беруге үйрету
- Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру
- Заттарды бояуда сызбалармен бояуға үйрету
- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
Осы міндеттерді алға қоя отырып, тəрбиеші өз мақсатына жетті. Іс - əрекет өте қызықты ұйымдастырылды. Балалар барлық тапсырмалар мен ойындарға қызығушылықпен қатысып, жақсы нəтижеге қол жеткізді.