"Ботақан" кіші топ тəрбиешісі Сарсенбаева Саманта Ілиясқызы Əжелер мектебінің жұмыс жоспарына сəйкес "Əжемнің ертегісі" тақырыбында əжелермен тəрбие іс-əрекетін ұйымдастырды.
Мақсаты: Қазақ халқының шығармасы, халық мұрасы ертегі, оның шығу тарихы туралы мағлұмат беру.Бөбекжай-бақша мен отбасы, əже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Осы мақсатта ұйымдастырылған іс-əрекетке топ əжелері немерелерімен бірге белсенді іс-əрекеттерін көрсетіп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Əжелеріміздің ертегі кейіпкерлерін рөлдерге еніп сомдауы тамаша көрініс болды." Алтын сақа" ойыны арқылы əжелер өздерінің ұшқыр ойлы, өнерлі,
тапқыр екендіктерін байқатты.
Осылай бөбекжай-бақша мен ата-ана арасындағы алтын көпіріміз мықты болса деген тілегім бар.