Құттықтаймыз!
Республика педагогтарының ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы ұйымдастырған Республикалық “Алтын қазына”, “Бояулар құпиясы”,”Мағжан оқулары”, “Абай оқулары” өнер байқауларына N1 санаториялық бөбекжай-бақша тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі дипломдармен марапатталса, жетекшілік жасаған бөбекжай-бақша педагогтары Нұрханова Күлдарай Көшекқызы, Шаймағанбетова Қалияш Ермағанбетқызы, Тұржанова Разия Абжаппарқызы, Қалиева Алмагүл Қалиқызы, Байсынова Жамила Сардарбекқызы және Досмамбетова Гүлназ Исембайқызы Алғыс хаттармен құттықталды.
Балғын бөбектеріміздің өнерлері өрге жүзіп, әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз! Марапаттарыңыз құтты болсын!