№1 санаториялық бөбекжай-бақшасының мектепалды "Шапағат" тобында ерекше, дәстүрден тыс ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты:
- Ата-ана мен бөбекжай-бақшасы арасындағы байланысты нығайту;
- Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
- Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Жиналыс барысында түрлі ойындар арқылы ата-аналармен ой-пікір алмасу жүзеге асырылды.
Тәрбиешілер:
Нұрханова К., Байсынова Ж., Досмамбетова Г.