2024 жылдың 11 қыркүйек күні Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі мен №1 санаториялық бөбекжай-бақшасы арасында байланыс жүргізілді. 2023-2024 оқу жылы бөбекжай- бақшамыздың түлеп ұшқан шәкірттері қазіргі таңда мектеп қабырғасында білім алуда.
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Бала дамуын үздіксіздігін сақтап, оны мектеп өміріне жеңіл бейімделуге көмектесу.
- Сабақтастықты қамтамасыз етуде төмендегі тақырыптар төңірегінде пікір алмасу жүргізілді:
- Оқыту мазмұнының байланысы: Балабақшада берілетін білім мен мектеп бағдарламасы арасында логикалық байланыстың болуы.
- Педагогикалық үйлестіру: Балабақша тәрбиешілері мен бастауыш мектеп мұғалімдері арасында тұрақты байланыс орнату.
- Ата-аналармен жұмыс: Баланы мектепке дайындау және мектепішілік тәрбие жұмыстарына ата-аналарды белсенділік танытуға баулу.
- Бұл сабақтастық балалардың мектеп өміріне тез бейімделіп, білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.