Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Еңбек адамы кез-келген салада болуы керек. Өзінің табысын маңдай терімен тауып, жанын салып жұмыс істейтін адамды нағыз еңбектің адамы деп ойлаймын. Еңбек адамы- нағыз ел мақтанышы. Мектепке дейінгі салада сан түрлі еңбек етіп, сол бағытты алға жылжытуға үлесін қосып келе жатқан жандардың бірі, N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі Мұхамбедьярова Сәуле Ысқаққызы. 

Мұхамбедьярова Сәуле Ысқаққызы 1965жылдың наурыз айының алтысында Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.

N105 М.М.Калинин атындағы мектептің түлегі. 1982 жылы М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесіне түсіп, “мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие” курсын толық тамамдап, еңбек жолын Энгельс атындағы колхоздың балабақшасында тәрбиеші мамандығынан бастаған.Осындай абыройлы еңбек жолында қызмет атқара жүріп, Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университеттің “Педагогика және психология”мамандығы бойынша білім бакалаврын тәмамдаған. 

  • 2018ж жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, озық тәжірибелерімен бөлісе отырып, “Республикадағы 1000 үздік ашық сабақ” байқауына қатысып “Ұлт ұстазы” төсбелгісі;

  • 2017ж 25 қаңтардағы Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Сараптау кеңесінде қаралып, “Жұмбақ - жүйрік ойлы, алуан түрлі суретші” тақырыбында әдістемелік жинағы баспаға ұсынылып, шығарылды;

  • 2020ж Алматы қаласындағы Өрлеу орталығы директорының 1 дәрежелі дипломы;

  • 2020ж Облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасы;

  • 2021ж Аудандық білім бөлімінің мадақтамасы;

  • 2021ж Облыстық білім басқармасы дипломы;

  • 2022ж Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының аудандық марапаты;

  • 2022ж “Bilimger kz” директоры А.Жайлауовтың Алғыс хатымен марапатталған;

Ұлағатты ұстазымыз 2 бала тәрбиелеп, 8 немеренің аяулы әжесі.