Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Әкем-асқар тауым» республикалық байқауының облыстық кезеңі

2023 жылдың 6 желтоқсаны күні оқу орталығының базасында қазақ халқының дәстүрлі спорттық ойын әрекетіне баулу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулыққа және салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыру мақсатындағы «Әкем-асқар тауым» республикалық байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылып өткізілді.

Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан барлығы 16 жұмыс ұсынылды. 

Байқаудың сарапшылары Ережеде көрсетілген бейнесюжетті рәсімдеуге  қойылатын талаптар және бағалау критерийлеріне сәйкес жан-жақты талдап, саралап, бағалады.

Сараптау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

І орын – Қызылорда қаласы, «Заңғар» бөбекжай-бақшасы

ІІ орын – Қазалы ауданы, №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы

ІІІ орын – Қармақшы ауданы, «№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы

Жеңімпаз әріптестерімізді марапаттарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!