Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

“Мектеп жасына дейінгі балалардың  біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу: бақылау парағын толтыру, баланың жеке даму картасын толтыру, түзету іс-шараларын жүргізу, диагностиканы ұйымдастыру және жүргізу механизмі” тақырыбында өткізілген әдістемелік  күн

📌📜2022 жылдың 4 ақпанында  «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына аралық мониторинг жүргізу: бақылау парағын толтыру, баланың жеке даму картасын толтыру, түзету іс-шараларын жүргізу, диагностиканы ұйымдастыру және жүргізу механизмі» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді.

📍ZOOM платформасында өткізілген вебинарға 100-ге жуық  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.

❗ Вебинардың  мақсаты - балалардың түрлі жас кезеңдерінде біліктері мен дағдыларының даму деңгейін және баламен жеке жұмыс жүргізуде педагогтың алдағы іс-әрекетін анықтау.

📍Әдістемелік вебинар  барысында Қазалы ауданындағы №3 «Өрімтал» мен Қармақшы ауданы №1 санаториялық бөбекжай-балабақшаларының  іс-тәжірибелері  насихатталды.
👤🎙Шараны оқу орталығы директорының орынбасары Г.Дихамбаева ашып, балалардың дамуына мониторинг жүргізудің маңыздылығына тоқталды.
📍Сонымен қатар, бағдарламаға сәйкес, №3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасының педагогтары Э.Тауасарова, М.Бекжан, Ә.Сембиева, М.Райымкулова, №1 санаториялық бөбекжай-балабақшасының педагогтары  Ш.Дүйсекова, С.Сәрсенбаева, М.Сариева, Қ.Шаймаганбетовалар ерте жас, кіші, ортаңғы, ересек топтарында жүргізілген мониторинг нәтижелерімен, баланың жеке даму картасы бойынша жүргізілген түзету іс-шараларымен таныстырды.
📍 Балабақша әдіскерлері Ш.Нарымбетова мен Б.Сармолдиналар  бастапқы, аралық мониторинг нәтижелері бойынша салыстырмалы жиынтық есеп жүргізу іс-тәжірибесімен бөлісті.

📍Вебинар соңында МДҰ педагогтарына әдістемелік көмек, қолдау көрсету бағытындағы шаралар «Мектепке дейінгі білім беру» бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүргізілетіні айтылды.
🔄📝 Сонымен қатар, тәрбиешілердің ұсыныс-пікірлері тыңдалып,  әдістемелік күнді оқу орталығы директорының орынбасары Г.Дихамбаева қорытындылады.пе