Балаларды отбасылық құндылықтарға, еңбекқорлыққа баулу, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен "Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала" қолдан жасалған бұйымдар республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық кезеңде ереже бойынша қатысушылардың жұмыстары сараланды.
Нәтижесінде:
3- орынды Жосалы кентіндегі №1 санаториялық бөбекжай-бақшасы иеленді.
Байқауға қатысушы Прназаровтар отбасына береке мен бірлік тілейміз!
Ересек”Қызғалдақ”топ тәрбиешісі педагог - модератор Аманова Лаура Мырзагелдіқызына шығармашылық табыс тілейміз!
Жүлделі орындарыңыз құтты болсын! Шығармашылықтарыңыз арта берсін!