N1санаториялық бөбекжай-бақшасы,
тəрбиешісі Шаймағанбетова Қалияш Ермағанбетқызы ересек "Шапағат" топ балаларымен коммуникативтік, танымдық жəне зияткерлік,
шығармашылық дағдылары мен зерттеу əрекеттері, физикалық қасиеттері дағдыларын дамыта отырып, сөйлеуді дамыту, көркем əдебиет,сурет салу, жапсыру, құрастыру, қоршаған ортамен танысу, математика негіздері ашық іс-əрекетін ұйымдастырды.
Міндеттері:
- балаларды қоршаған ортамен таныстыру;
- ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
- Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек,үшбұрыш, төртбұрыш) атай білуге үйрету;
- сурет салуда əртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдауға баулу;
- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;
- ұжыммен жұмыс істей білуге үйрету;
Осы міндеттерді алға қоя отырып, тəрбиеші өз мақсатына жетті.
Балалар іс-əрекетке қызығып,
"Болады, болмайды","Орман не үшін керек?","Ормандағы құрылыс","Не артық?","Жапырақ" ойындарын белсенді ойнап, "Бату-батпау" тəжірибе жұмысын жасап, жақсы көңіл-күйде болды.
Іс-əрекет өте қызықты ұйымдастырылды.Балалар барлық тапсырмалар мен ойындарға қызығушылықпен қатысып, жақсы нəтижеге қол жеткізді.