N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы,
Ересек “Қызғалдақ” топ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Тәуелсіз елім-Қазақстан” тақырыбында топ тәрбиеленушілерімен тәрбие іс-әрекеті үйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Балалардың сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Мемлекеттік рәміздерді Ту, Елтаңба, Әнұран тануға және құрметтеуге үйрету. Балалардың өз ойларын еркін жеткізуіне ықпал жасау.
Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, көк туымыз мәңгі биікте желбіреп, балғын балаларымыздың болашақтары жарқын болсын!
#тәуелсіздіккүні