N1санаториялық бөбекжай - бақшасы, жазғы сауықтыру шынықтыру шараларының жұмыс жоспарына сəйкес "Қызғалдақ" ортаңғы топ тəрбиешілерінің ұйымдастыруымен "Бақытты балалық шақ" тақырыбында ойын түрінде іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Балалардың жаз мезгіліндегі шынықтыру іс - əрекеттеріне қызығушылықтарын арттыру, жағымды көңіл-күй орнату, балалардың қимыл белсенділіктерін дамыту.
Балалар жаз мезгіліне арналып ұйымдастырылған түрлі ойындарды жақсы ойнап, көңіл-күйлері көтерілді.Шығармашылықтарын арттыра отырып, қызықты құралдармен асфальт бетіне қазақтың ою-өрнектерін бейнелеп, бір-бірінің салған суреттерін тамашалады.